2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 119 шешімі
(2024.26.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облыстық мәслихатының 2024.14.03. № 159 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2024.25.04. № 168 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2024.20.06. № 181 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2024.06.08. № 204 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2024.25.09. № 209 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2024.26.11. № 227 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер -589154978 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 143440266 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 19945852 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 49649 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 425719211 мың теңге;
2) шығындар - 595763858 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 28437806 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 37606154 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 9168348 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 1080000 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу- 1080000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -36126686 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 36126686 мың теңге:
қарыздар түсімдері -35106154 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 8113216 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 9133748 мың теңге.